Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жеңіске жетті

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Сербияда Куршумлия-Баняда өткен ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге соңғы бәсекеде белоруссиялық Александра Азарко - ресейлік Виктория Бородулинамен шеберлік байқасты.

Ж.Құламбаева мен М.Кубка 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, жұптық сында Жібек Құламбаева ITF додаларында биылғы маусымдағы екінші, спорттық жолында 21-інші трофейіне қол жеткізді. Қазіргі кезде ол жұптық сында әлемдік рейтингіде 198-орында тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим мастерс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Моника Селеш пен Мария Шарапованың жетістігін қайталады.

Анна Данилина Париждегі жарыстың жеңімпазы атанды.


Соңғы жаңалықтар