Жібек Құламбаева Прага турнирінің жеңімпазы атанды

None
Фото: FTC баспасөз қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Прага (Чехия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге финалда жарыстың 1-ракеткалары, италиялықтар Ангелика Морателли - Камилла Розателломен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда таразы басы алма-кезек ауып, тай-брейкте Құламбаева мен Кубка ептілік танытты – 7:6 (7:3).

Екінші сетте брейк жасаған қазақ пен поляк қызы сол басымдылықты берген жоқ – 6:4.

Тартысты өткен матч 1 сағат 45 минутқа созылды.

Жібек Құламбаева бұдан бұрын белоруссиялық Юлия Готовкомен бірге Римде дәл осындай додада чемпион атанған еді. Міне, енді сол табысын қайталап отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Прага турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

АҚШ ашық чемпионатында Андрей Голубев пен Анна Данилина үшінші айналымға өте алмады.

Елена Рыбакина US Open үшінші айналымында жеңіліп қалды.


Соңғы жаңалықтар