Жібек Құламбаева Өскемен турнирінің финалына жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Өскемен ITF W25 - Kazzinc Open турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ж. Құламбаева жекелей сында отандасы Гөзал Айнитдиноваға жол бергенімен, ресейлік Екатерина Казионовамен бірге жұптық кездесулерін сәтті өткізді.

Ж. Құламбаева мен Е. Казионова жартылай финалда ресейлік Полина Яценко - Беларусь өкілі Дарья Шаухамен шеберлік байқасты.

Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0, 6:0.

Ертең, 13 тамыз күні Жібек Құламбаева мен Екатерина Казионова ресейліктер Екатерина Маклакова - Александра Поспеловамен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан теннис федерациясының президенті қазақстандық теннисшілердің табысы кездейсоқтық еместігі туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шығып, Дэвис кубогының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы анықталды.

Ал, Гөзал Айнитдинова Өскемен турнирінің жартылай финалына өтті.


Соңғы жаңалықтар