Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Уимблдонды ширек финалда аяқтаған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 3-орнын сақтап қалды.

Рейтинг көшін Польша өкілі Ига Швентек бастаса, беларусьтік Арина Соболенко екінші сатыда.

Уимблдон жеңімпазы атанған чехиялық Маркета Вондроушова 42-ден бірден 10-орынға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 56-дан 60-қа сырғыса, Жібек Құламбаева 435-тен 422-ге жоғарылады.

Жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова, Барбора Крейчикова, америкалық Джессика Пегула көштің алдын берер емес.

Қазақстандықтардан Анна Данилина 24-тен 25-ке, Е.Рыбакина 97-ден 107-ге төмендеді. Есесіне Жібек Құламбаева 198-ден 186-ға шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын чехиялық теннисшінің Уимблдон турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Андрей Голубев Аустриядағы жарыстың жеңімпазы атанды.

Жібек Құламбаева Рим турнирінің жеңімпазы атанды.

Карлос Алькарас Уимблдонда Новак Джоковичті жеңіп, чемпион атанды.


Соңғы жаңалықтар