Жезтырнақ пен жалмауыз кемпір туралы отандық фильм прокатқа шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылдың 31 қазанында отандық «Qarakoz» қорқынышты фильмі прокатқа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Meloman Entertainment» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш фильмде басты рөлдерді Бибігүл Ақтан, Әли Оқапов, Роман Жуков, Дарья Александрова, Салтанат Наурыз, Айдос Рысхан, Владислав Букаткин, Алдияр Байракимов пен Азамат Әбділдинов сомдайды. Режиссерлер Сидеренко мен Якобчуктың туындысы қазақтың ескі аңыз-әпсаналарындағы кейіпкерлерге арналған.

«Фильм желісі бойынша қазақ аңыздарындағы үрейлі кейіпкерлер «тіріледі». Олар туралы аңыздар айтылып келеді де, оқиға бүгінгі күнге ауысады. Туындыға қазақ аңыздарындағы Жезтырнақ пен Жалмауыз кемпір, сондай-ақ Қапшағай тас жолындағы әруақ арқау болған» делінген хабарламада.

Фильмнің продюсері - И. Махмұтов. Аталмыш қорқынышты фильм еліміздің кинотеатрларында 31 қазанда көрсетіле бастайды.

Соңғы жаңалықтар