«Жезкиік» фестивалі Жезқазғанда классикалық музыка кешімен аяқталды

None
None
 ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Жезкиік» І Халықаралық музыка фестивалі танымал солистердің өнер көрсетуімен аяқталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.

 Үш күнге созылған айтулы музыкалық оқиға «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы және «Туған жер» арнайы бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді.

Фестиваль Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау, қазақ фольклорын дамыту және классикалық музыканы насихаттау, туристтік кластерді дамыту, халық мәдениетін жан-жақты танымал ету мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, фестивальдің бірінші күні, 12 шілдеде туроператорлар форумы ұйымдастырылды. Ол Ұлытау ауылының маңында орналасқан Этноауыл аумағында өтті. Оған туристік бизнес, қауымдастықтар, мемлекеттік органдар, «Kazakh Tourizm» Ұлттық компаниясы, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және т.б. қатысты. Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің шетелдік әріптестерімен серіктес Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарынан ақпараттық турға 60-қа жуық туристік операторлар мен туризм қауымдастықтары қатысты. Ақпараттық турдың бағдарламасы тарихи-мәдени, киелі және туристік нысандарды қамтыды.
14 шілдеде «Жезкиік» шеңберінде Ұлытау ауданының Болатсай мекенінде фольклорлық музыка фестивалі өтті. Фестивальға Мексика, Перу, Польша, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Франция, Шотландия, Жапония және Қазақстаннан жиналған 11 кәсіби ұжымдар қатысты.
null

Ал »Жезкиік» І Халықаралық музыка фестивалінің үшінші, қорытынды күнінде классикалық музыка кеші өтті. 14 шілдеде Жезқазғанда Кеңгір су қоймасының жағалауының бойымен этно-музыка фестивалі қатысушыларының шеруі, қатысушылар гала-концерті мен марапаттау рәсімі, солистердің қызыл кілем үстімен өткен дефилесі болды. Сонан соң отандық және шетелдік әртістердің қатысуымен классикалық музыка концерті ұйымдастырылды. Онда 10 елден (Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Австрия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдавия, Италия) келген 17 солист өнер көрсетті. 
Көрермендер алдында бірінші болып КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова шықты. Қазақ классикалық музыкасының аңызы мен «бұлбұлы» Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін орындады. 
- Соңғы кездері мен сапарларға көп шыға қоймаймын, алайда соған қарамастан, мен осында келмей, сіздермен осы тамаша күнді бөліспей жата алмадым, - дейді Биігүл Төлегенова. 

  Сондай-ақ фестиваль көрермендері ҚР және Татарстан халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваны ду қол шапалақтап қарсы алды. 

 - Біз барлықтарыңызды «Жезкиік» музыка фестивалімен құттықтаймыз. Бұл өте тамаша шара, кешегі этно ауылда өткен гала-концерт ерекше болды. Ал бүгінгі концерт бізді тыңдармандарымызбен жақындастырады. Опера мен классикалық музыканы сүйетін қауым барлық жерде бар, - деді Нұржамал Үсенбаева. 
Көрермендер үшін Жезқазған қаласында фестивальға арнайы салынған амфитеатрда дүниежүзінің 10 мемлекеттерінен (Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Австрия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдавия, Италия) 17 солист өнер көрсетті. Бибігүл Төлегенова (Алматы, Қазақстан), Шенол және Гюльчохра Талынлы (Түркия), Нұржамал Үсенбаева (Астана, Қазақстан) - Астана, Владимир Мороз (Ресей), Ильхам Назаров (Әзербайжан), Амантай Ыбыраев (Қарағанды, Қазақстан), Талғат Мұсабаев (Астана, Қазақстан) - Астана, Оксана Давыденко (Алматы, Қазақстан) - ГАТОБ, Талғат Ыдырысов (Қарағанды, Қазақстан), Жан Тапин (Астана, Қазақстан) - Астана, Анна Риан (Австрия), Асмик Леолян (Армения), Ельнура Жанабергенова (Қырғызстан), Жеңісбек Пиязов (Өзбекстан), Игорь Подгориану (Молдавия), Марко Боэни (Италия). 
Классикалық музыка кешінде «Біржан Сара» операсы, «Абай» операсынан ария, Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» секілді қазақ классикалық музыкасымен қатар, дүние жүзіне әйгілі Джузеппе Вердидің, Жорж Бизе, Джакомо Пуччини, Джеймс Ласт, Иоганн Штраустың және тағы да басқа көптеген композиторлардың туындылары шырқалды. 

nullnull

 Классикалық музыка кешінің солистері осындай орасан зор шараның ұйымдастырылуына қатысты алғыстарын білдірді. Ал көрермендер болса, осындай мереке ұйымдастырылғаны үшін сезімге толы жүрекжарды тілектерін айтты. 
- Кеше біз Ұлытауда фестивальда болып қайттық: ерекше табиғат және естен кетпес ауа, тамаша концерт және әртістер. Біз барлық музыканттармен суретке түстік. Бүгін барлығы одан да жақсы болады деп ойлаймыз. Мұнда осындай зәулім, ерекше саxна орнатады деп күтпеген едік. Көрініс тамаша", - дейді Жезқазған қаласының тұрғыны Эльмира.

- Кеше мен фольклорлық музыканы тыңдадым, өте қатты ұнады. Бізге, Жезқазған мен Ұлытауға алғаш рет 11 елдің әртістері келіп отыр - бұл бір үлкен жетістік. Енді көптеген елдер мен адамдар Ұлытау мен Жезқазған туралы білетін болады, - деді Самал Жезқазғаннан.

Фестиваль отшашумен аяқталды.

null

Соңғы жаңалықтар