Жезқазғаннан шығар жолдар қалай жөнделуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жұмыс сапары барысында Қарағанды-Жезқазған автожолына жасалған жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінен мәлім еткендей, аталмыш тасжолда өткен жылдан бері 389 шақырым жол жөнделді. Жолдың жалпы ұзындығы 513 шақырымды құрайды. 

«Келесі жылы тағы 60 шақырым жол бөлігін жөндеуді көздеп отырмыз. Оның 20 шақырымы Ақой ауылы маңындағы жолда қолданылған «суық ресайклинг» әдісімен жөнделетін болады. Сондай-ақ жолдың бір бөлігін фрезерлеп, жабынды ауыстырамыз. Қалған жол бөліктерін әдеттегі жөндеу арқылы қалыпқа келтіреміз. Алдын ала есептеулер бойынша жөндеу жұмыстарына 800-900 млн теңгеге жуық қаражат қажет болады. Сәйкес құжаттардың барлығын жинап болған соң, қаржыландыруға өтінім жібереміз. Желтоқсанда мердігер компаниялар арасында байқау жариялаймыз, - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Қанат Шаймин. 

Сондай-ақ келесі жылы Жезқазған-Қызылорда автожолының қатты тозған 20 шақырым бөлігі жөнделеді деп жоспарлануда. Бұған қоса жол жөндеушілер 2019 жылы Қаражал және Жәйрем кенттеріне барар жолды қалыпқа келтіруді аяқтауды көздеп отыр. 

 

Соңғы жаңалықтар