Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласының әкімі қызметіне Қайрат Әбсаттаров тағайындалды. Жаңа басшысын Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайрат Бектайұлында мемлекеттік басқару тәжірибесі бар, қала проблемаларын шешеді және шешімдерін табады. Ол өзінің тәжірибесі мен білімінің арқасында Президент қойған міндеттерге сәйкес жұмысын ұйымдастыра алады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Қаланың жаңа басшысының үміткері Жезқазған мәслихатының депутаттарына кезектен тыс сессияға ұсынылды. Олар бір ауыздан Қайрат Әбсаттаров үшін дауыс берді.

«Құрметті жерлестер, сіздерге сенімдеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Мен оны ақтауға тырысамын», - деді Жезқазған қаласының жаңа әкімі.

Қайрат Әбсаттаров 1966 жылы Жезқазғанда дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша; 1998 жылы – О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Экономика және өндірісті басқару» мамандығы бойынша; 2018 жылы – «МИСиС» Ұлттық техникалық зерттеу университетін «Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

1990 – 1997 жылдары Жезқазғанның автомобиль өнеркәсібінің өнеркәсіп кәсіпорындарында, Қарағанды облысының әкімшілік аппаратында еңбек етті.

Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде, Қазақстан Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген, Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысының лауазымын атқарды, сонымен бірге көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР бірнеше министрліктерінде комитет төрағасы болды, одан кейін Қазақстан Республикасының премьер-министрінің канцеляриясын, Өңірлік даму департаментін басқарды.

2019 жылдан бастап соңғы тағайындауға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі болған.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Еске сала кетсек, Жезқазған әкімі Қайрат Бегімов Президент Әкімшілігінің келісімімен басқа жұмысқа ауыстырылуына байланысты атқарып отырған лауазымынан босатылды.


Соңғы жаңалықтар