Жезқазғандықтар музейге 300-ге жуық бірегей экспонат тапсырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазған тұрғындары қаланың тарихи-археологиялық музейіне 300-ге жуық экспонат тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа көкжиектегі музей» республикалық фестивалі аясында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің қызметкерлері 2018 жылдың қантар-сәуір айларында «Өз есіміңді тарихта қалдыр» акциясын өткізді. Оның мақсаты - мұражай қорын сирек кездесетін және бірегей экспонаттармен толықтыру», - деді музей басшысының орынбасары Зағира Қалменова.


Мысалға, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов музей қорына құнды жәдігер - ХІХ ғасырдағы «Шахнаме» басылымын тапсырды.

Сондай-ақ Жезқазған тұрғындары мен қонақтары бұдан былай қолдан тігілген алашаны, ағаштан жасалған көне ыдысты, саптама етікті, ХХ ғасырдың ортасындағы баспа машинкасын, тұңғыш ғарышкер-әйел В.Терешковаға тапсырылған «Ғарышты игеруге 50 жыл» белгісін көре алады.

Мұражай қоры сонымен қатар саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар азаматтардың бас бостандығынан айыру мекемелерінде туған-туысқандарына жазған хаттарымен толықты. 

Соңғы жаңалықтар