+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Жезқазғандағы су қоймасына кішкене бала батып кетті

2021 жылғы 8 маусым 02:51
Бөлісіңіз:
Жезқазғандағы су қоймасына кішкене бала батып кетті

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – 4-5 маусым аралығында Жезқазған қаласында балаларға қатысты 2 қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда 3 адам суға батып кетті Ақтауда құтқарушылар балықшының мәйітін тапты БҚО полициясы Жайықтан табылған адамның кім екенін 4 күннен бері анықтай алмай отыр

Екі қайғылы оқиға кезінде кәмелетке толмаған 2 бала қаза тауып және 1 бала жарақат алды.

«Бірінші жағдайда Кеңгір су қоймасының жағалауында болған. Суға батып кеткен 2 жасар баланы туыстары алып шыққан. Кейін оны медициналық мекеме жеткізген, алайда баланы құтқарып қала алмады.
Екінші оқиға қаладан алыс емес 60 разъездге жақын жерде республикалық маңызы бар Қызылорда-Павлодар тасжолында болды. Жасөспірімдер мінген мотоцикл жеңіл көлікке соғылды. Салдарынан мотоциклде отырған 1 бала қайтыс болып, екіншісі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды», делінген хабарламада.

Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ата-аналардан - балаларды қараусыз қалдырмауды, кәмелетке толмағандарды су айдындарында ересектердің қарауынсыз шомылуына жол бермеуді, балаларға көлік құралын жүргізуге рұқсат бермеуды сұрайды.
«Балаларға қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтауды түсіндіріңіз, оларға тұрмыста, көшеде және т.б. жерлерде қауіпсіздікті сақтауды үйретіңіздер. Балалар қауіптерді біле бермейді, сондықтан көбінесе қайғылы оқиғаларға жиі тап болады.
Есіңізде болсын! Сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда», делінген ескертуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT