Жезқазғандағы сайлау учаскесінде Exit poll өткізілуде

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат –Жезқазғанда Халықтар достығы және мәдениеті үйінде орналасқан №233 сайлау учаскесінің алдында Exit poll өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Exit poll» - сөзбе-сөз аударғанда «шығаберістегі сауалнама» дегенді білдіреді. Экзитпол - бұл әлемдік тәжірибеде пайдаланылатын, дауыс беруден кейін сайлау учаскелерінен шығаберісте азаматтарға жүргізілетін сауалнама. Оны әлеуметтік қызметтер жүргізеді.

Экзитполдың негізгі міндеті – сайлау нәтижесін жедел болжау және электорат туралы статистикалық мәліметтерді жинақтау.

Сайлау учаскелерінен шығатын азаматтардан (анонимді түрде) олардың кімге дауыс бергені сұралады. Дауыс берушілердің көпшілігінде жалған айтуға негіз жоқ деген болжамға сүйене отырып, мұндай сауалнамалардан алынған мәліметтер дауыс берудің ресми жарияланған деректерімен тексеру үшін қолданылады.

Exit poll ақпараттық (жұртшылықты сайлау нәтижелерімен алдын ала таныстыру) және бақылау (сайлау нәтижелерін қасақана бұрмалау мүмкіндігін барынша азайту) функцияларын орындайды.


Соңғы жаңалықтар