Жезқазғандағы апаттық жағдайдағы үйге қатысты мәселе шешімін тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жезқазғанда «Жеңіс көшесі, 11» мекенжайында орналасқан апаттық үйге қатысты мәселе шешілді. Төтенше жағдайға жол бермеу үшін қала басшылығы қажетті шараларды жасаған. Бұл мақсатқа қаражат бюджеттен бөлінген, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алғашқы қадам ретінде қала әкімі техногендік сипаттағы объектілік ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Сонан соң заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлікті мемлекет меншігіне алу процедурасы өткізілді. Апаттық үйдің 48 пәтеріндегі тұрғындар өтемақыларын алды. Екі пәтер жекешелендірілмеген болып шықты, сондықтан оның орнына басқа баспана берілді.

Тұрғындар мәселенің осылай шешілгеніне көңілдері толды. Олардың айтуынша, өтемақы сомасы жеткілікті.

«Мәселе шешілді. Біз жеткілікті өтемақы алып, жаңа баспана алғанымызға қуаныштымыз», - дейді тұрғындардың бірі Дмитрий Наймушин.

«Барлығы сәтті шешілгені жақсы болды. Біз қазір басқа пәтер іздеп жатырмыз, мәселеміз оң шешілгені үшін алғысымызды айтамыз», - дейді Таңат Байтөрин. 

Соңғы жаңалықтар