Жезқазғанда жұмысшылардың киімдеріне чиптер орнатылуда

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласында жұмысшылардың киімдері цифрландырылып жатыр. Тігін кәсіпорны жаңа технологияның көмегімен әрбір киімге чип енгізуде. Оған жұмысшы туралы жеке мәліметтер жазылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Атап өтілгендей, әрбір жұмыс киіміне жеке адам туралы ақпараттар жазылған штрих-код немесе QR-коды бар жапсырғыш тігіледі. Жергілікті мамандар ойлап тапқан компьютерлік бағдарлама чиптерді оқиды, өңдейді, тұрған жерін анықтайды және солар бойынша есеп дайындайды.

«Бұл әсіресе, мыңдаған адам еңбек ететін өндіріс ошақтары үшін өте тиімді», - дейді жаңа бағдарламаның авторлары.

Ал тігін кәсіпорны негізінен өңірдегі зауыт-фабрикалар мен шахта жұмысшыларын арнайы киіммен қамтамасыз етеді.

«Жаңа технологияны өндіріске енгізу үшін заманауи қондырғылар сатып алдық. Киімге тігілген чип ұзақ сақталады. 50 рет жууға жетеді. Бүлініп қалмайды. Кейін ауыстыруға болады», - дейді тігін кәсіпорнының IT маманы Николай Мишуко.

Соңғы жаңалықтар