Жезқазғанда Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Жезқазғанда Жошы хан тарихи-мәдени кешеннің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл қазақ халқының өткеніне қызығушылық танытатын туристер үшін жаңа бірегей орын болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жезқазған өңіріне жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Кешеннің ішінде Жезқазғанның киелі жерлеріне арналған экспозициялар мен демонстрацияларға арналған залдар орналасқан. Дизайнерлер тарихи жазбаларды қалпына келтіріп, балауыз фигураларын салады.

Кірпіштің арнайы төселуінің арқасында ауа райына қарамастан ғимарат әрдайым жылы болады. Туристер үшін қонақ үй кешені мен асхана салынады.

Құрылыс компаниясының директоры Абай Байділдаевтың айтуынша, нысанда құрылысшылар екі ауысыммен жұмыс істейді. Қазір құрылысшылар ішкі әрлеу жұмыстарына кірісті. Аумақты абаттандыру және көгалдандыру шаралры жүргізіледі. Жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Кешеннің ауласында Жошы ханның бес метрлік гранит ескерткіші тұрғызылды. Тарихи кешеннің айналасында этно-ауыл пайда болады. Ұлттық бұйымдар мен әшекейлер көрмесін өткізу үшін киіз үйлер мен шатырлар орнатылады.

Жошы ханның тарихи-мәдени кешені Алтын Орда дәуірін зерттеуге арналған ғылыми орталыққа айналады. Мұнда отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференциялар мен симпозиумдар өткізіледі. Сондай-ақ, кешен базасында оқушылар үшін көшпелі тарих сабақтары ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар