Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 13 °С
Алматы: 37 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Жезқазғанда Жанат Хаджиев атындағы аймақтық театрлар фестивалінің лауреаттары марапатталды

2017 жылғы 14 қараша 19:40 890
Бөлісіңіз:
 Жезқазғанда Жанат Хаджиев атындағы аймақтық театрлар фестивалінің лауреаттары марапатталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазғанда Жанат Хаджиев атындағы І аймақтық театрлар фестивалі аяқталды. Фестивальдің жабылу салтанатында лауреаттардың есімдері аталып, жүлделер табыс етілді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.

 «Үміт» номинациясында Арқалық қаласының балалар және жасөспірімдер театры жеңімпаз атанды. «Көрермендер көзайымы» сыйлығы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды Мемлекеттік қазақ театрына берілді. 

 «Үздік эпизодтық рөл» жүлдесі С.Сейфуллин атындағы театрдың әртісі Мейірбек Шәкеновке табыс етілді. «Үздік әйел рөлі» номинациясында К.Станиславский атындағы Қарағанды драма театрының әртісі Марина Марычева жеңімпаз атанды. «Үздік ер адам рөлі» номинациясында Ж.Аймауытов атындағы Павлодар қазақ драма театрының актері Бекболат Оқасов және С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының әртісі Теміржан Жанботаев үздік деп табылды. 

 «Үздік режиссерлік жұмыс» үшін сыйлық Қ. Қуанышбаев атындағы Астана қазақ драма театрының режиссері Нұрлан Жұманиязовқа табысталды. «Облыс әкімінің сыйлығы» Ғ. Мүсірепов атындағы Алматы мемлекеттік Академиялық балалар және жасөспірімдер театрына берілді. 
«Жанат Хаджиев атындағы сыйлықты» қазылар алқасы С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрына табыс етті.

 Жанат Хаджиев атындағы бірінші аймақтық театрлар фестивалі Жезқазған қаласында 8-12 қараша аралығында өтті. Шара С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының 45 жылдық мерейтойына орайластырылған еді. 

 Фестивальдің қазылар алқасының төрағасы КСРО және ҚазССР халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Асанәлі Әшімов болды.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат