Жезқазғанда Ұлытау техникалық университеті ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлытау техникалық университетін құру туралы Үкімет қаулысының жобасы көпшілік талқылауға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлытау техникалық университеті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын. Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып Ғылым және жоғары білім министрлігі белгіленсін. Оның қызметінің негізгі мәні - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру болып айқындалсын», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.

Үкімет қаулысы 4 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Еске салайық, Мемлекет басшысы былтыр Ұлытау облысына сапары барысында Жезқазғанда мемлекеттік техникалық университет ашу мәселесін қарастыру жөнінде тапсырма берген еді.


Соңғы жаңалықтар