Жезқазғанда тапшылықты жою үшін 900 тонна жанармай жеткізіледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазғандағы жанар-жағармай тапшылығын жою мақсатында 900 тонна жанармай жеткізіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәліметтерге қарағанда, жағдайды реттеу үшін қандай шаралар қолданылатыны шешілген. Облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, Жезқазғандағы бензин тапшылығына Атырау мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарынан кейін толық қуатпен жұмыс істемеуі себеп болған. «Бензин тасымалы кешігіп жатыр. Павлодардағы зауыт 20 қыркүйекте жөндеуге жабылды. Дәл қазір АИ-92 маркалы 350 тонна бензин жолда келе жатыр, - деді ол. Бензин тиелген құрам қазір Ақтөбе облысында. Ол бүгін түнге дейін жетуі тиіс. Атырау мұнай өңдеу зауытынан тағы да 550 тонна жанармайды жеке фирма жеткізеді. Бұл қор бензин тапшылығын 20 күндей жеңілдете тұруға жетеді. Бірақ тапшылық қазанның соңына дейін, Павлодардағы зауыт іске қосылғанша сақталады», - деді ол.

Аппарат отырысында баға саясаты да талқыланды. Қазіргі кезде өңірде АИ-95 маркалы 1 литр бензиннің бағасы 155 теңгеге дейін жетеді. Облыс әкімі Ерлан Қошанов қызметкерлердің алдына жанармайдың бұдан әрі қымбаттамауы үшін бүкіл шараларды қарастыру талабын қойды.

Соңғы жаңалықтар