Жезқазғанда скутер тізгіндеген ер адам автобустың астына түсіп көз жұмды

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Жезқазғанда скутер тепкен ер адам жолаушы автобусымен соқтығысып, көлік дөңгелегінің астында қалып қойған. Ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жазатайым оқиға бүгін, 9 тамыз таңғы сағат 8.00 шамасында болған.

Жезқазған қаласының полициясына Жастар көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

«44 жастағы Racer маркалы скутер жүргізушісі Жастар көшесі бойындағы №14 үйдің жанынан шығып, 41 жастағы ер адамның басқаруындағы автобуспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутердің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.

Бұл факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар