Жезқазғанда шұңқырға шомылған екі баланың бірі суға кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында суға толы шұңқырға 14 жастағы жасөспірім батып кетті. Оқиға куәгерлері суға батып бара жатқан екі баланың біреуін ғана құтқара алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 маусым күні сағат 18:38-де Жезқазған-Сәтбаев автожолының жиегіндегі суға толы орға 2006 жылғы жасөспірім батып кеткендігі хабарланған.

Анықталғандай, жасөспірімдер ересектердің қарауынсыз шомылған. Суға батып бара жатқан сәтте адамдарды көмекке шақыра бастаған.

«Айғайды естіген куәгерлер көмекке келіп, 2007 жылы туған қызды құтқарып алған. Қарағанды облысы ТЖД сүңгуірлері жағалаудан үш метр қашықтықта ұл баланың денесін тауып алды», - деді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Құтқарушылар арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға болатынын ескертеді. Сонымен қатар, суда балалар мен жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлу қажет.


Соңғы жаңалықтар