Жезқазғанда мүгедек балаларды оңалту орталығы ашылды

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазғанда медициналық орталық базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықты жөндеу жұмыстарын өткізуге, жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ медициналық персоналды оқыту мен біліктілігін арттыруға қажетті қаражатты «Казақмыс» корпорациясы бөлді.

Орталық үшін жақын және алыс шетелдерде өндірілген заманауи жабдықтар сатып алынды.

Оның қатарында Мотомед реабилитациялық тренажері (Германия), вертикализатор, «Кенгуру» мобильді құрылғысы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған нейроортопедиялық реабилитациялық пневмокостюм бар.

Түзету кабинеттері ашылды. Сонымен қатар жаңа буын компьютерлік томографы орнатылды.

Орталықта 18 жасқа дейінгі ерекше балалар оңалтудан өте алады. Емделуші балалардың ата-анасының қайда жұмыс істейтіні маңызды емес.

Ал 18 жастан асқан туабіткен мүгедектігі бар емделушілер орталыққа ата-аналары «Қазақмыс» корпорациясында еңбек еткен жағдайда ғана бара алады.

Бұл ретте оларды оңалтуға жұмсалатын шығынды компания өз мойнына алады.


Соңғы жаңалықтар