Жезқазғанда «Қазақмыстың» 32 жастағы жұмысшысы биіктіктен құлап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазғанның орталық ауруханасында «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ге қарасты Жезқазған Жылу-электр орталығында 20 метрден астам биіктіктен құлап кеткен 32 жастағы ер адам қайтыс болды.

Бұл туралы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

«15 қыркүйек күні Жезқазғанның орталық ауруханасында «Интер 2030 ТехСервис» мердігерлік ұйымының 32 жастағы слесарі қайтыс болды. Қайғылы оқиға «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ге қарасты Жезқазған Жылу-электр орталығының қазандық цехында орын алды. Қазандық агрегатын оқшаулау жұмыстарын орындау кезінде ол жұмыс аймағын өз бетімен тастап кетіп, 20 метрден астам биіктіктен құлап кеткен. ЖЭО денсаулық сақтау бекетінің дәрігерлері зардап шегушіге алғашқы медициналық жәрдем көрсетті. Кейін ол жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Алайда, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады», - делінген хабарламада.

Компанияда атап өткендей, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. 

Соңғы жаңалықтар