Жезқазғанда инвесторлар форумы өткізілмек

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Жезқазған өңіріне инвесторларды жұмылдыру үшін қала басшылығы инвестфорум өткізуді жоспарлап отыр. Ал облыс әкімі бұл мәселеге анағұрлым жауапты қарап, тыңғылықты дайындық жасауды тапсырды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Идея, әрине, жақсы. Алайда оған тек жергілікті кәсіпкерлер мен инвесторларды шақыратын болсаңыздар, одан пайда болмайды, - деді аймақ басшысы Ерлан Қошанов Жезқазған аймағын дамытудың үш жылдық жоспарының орындалуы бойынша жиналыс барысында. - Тыңғылықты дайындалу керек, жақын және алыс шет елдерден инвесторларды шақыру қажет. Жергіліктілер онсыз да Жезқазғанның дамуына қатысты жұмыстарды біледі және сол бағытта қызмет істеп жатыр. Мен өзімнің орынбасарым Алмас Айдаровқа және өнеркәсіп, кәсіпкерлк басқармаларының басшыларына бұл мәселемен айналысуды тапсырамын. Егер дайындық жұмыстарына қосымша уақыт қажет болса, форумды сәл кешірек мерзімге жылжытыңыздар.

Жезқазған аймағын дамытудың үш жылдық жоспарына қатысты атқарылып жатқан шараларды талқылау барысында аймақ басшысы кейбір мәселелер бойынша ескертулер жасады, оның қатарында кәсіпкерлікті дамыту саласы болды.

Сонымен қатар аймақ басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау бойынша жұмыстарды үдетуді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар