Жезқазғанда халықаралық театр фестивалі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарашаның 1-нен 4-не дейін Жезқазғанда Жанат Хаджиев атындағы халықаралық музыка фестивалі өтеді. Оған Франция, Сербия, Қытай және Қазақстанның әртістері қатысады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Спектакльдер Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының сахнасында өтеді.

«MAS Productions» француз театр ұжымы «Мен кіммін?» драмасын назарға ұсынады. Хэнань Юй жастар лигасы «Сюань Зан» драмасын қояды. Сербиялық қала Ужицеден келген Ұлттық театр әртістері «Демалыс күнінің соңы» атты спектакльді ойнайды.

Астаналық «Жастар» театры фестивальде «Меккеге апарар ұзақ жол» астарлы әңгімені сахналайды. Қостанай облыстық драма театры фестивальге «Өкініш» трагикомедиясын алып келеді. Ал неміс республикалық дарама театры «Үш апалы-сіңлілі» психологиялық драмасын қоятын болады.

Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының әртістері «Қара орамал» поэтикалық композициясын қояды және өз репертуарының ең үздік спектакльдерін назарға ұсынады.

Көрермендер үшін спектакльдерге кіру тегін болады.

Соңғы жаңалықтар