Жезқазғанда ер адамның мәйіті табылды

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат -Жезқазған қаласының маңындағы су қоймасы жағалауынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 маусымда денесі бөлінген мәйіт табылды.

Жезқазған қаласының ІІД Криминалдық полиция қызметкерлері тергеу барысында оның 33 жастағы қала тұрғыны екені анықталды.

Белгілі болғандай, Жезқазған қаласының 55 жастағы тұрғынын ұстады. Анықталғандай, қаза болған жігіт пен күдікті екеуі ішімдік ішіп отырып, жанжалдасқан. Ашуға буланған ер адам жанындағы жігітті пышақтап, денесін бірнеше бөлікке бөліп тастаған.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, тиісті сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар