Жезқазғанда ер адам әйелін аң аулайтын мылтықпен басынан атқан

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазғанда 27 жастағы ер адам аң аулайтын мылтықпен жұбайын жарақаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі полиция департаментінің айтуынша, оқиға 5 желтоқсанда болған. Қаладағы орталық ауруханаға 27 жастағы оқ тиген әйел жеткізілген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адам ұсталды. Ол жанжал кезінде жұбайының басынан тегіс ұңғылы аң аулайтын мылтықпен атқанын мойындады.

Полицияда түсіндіргендей, аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 24-99 баптары «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Мылтық тәркіленді.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 

Соңғы жаңалықтар