Жезқазғанда дәмханадан өрт шықты

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Жезқазған қаласында «Sky Bar» дәмханасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 09:42-де өрт сөндіру қызметіне Пирогов көшесінің бойында орналасқан «Sky Bar» дәмханасынан өрт шыққаны туралы хабар түскен. Алғашқы өрт сөндіру жасағы келген кезде дәмхананың шатыры мен ең жоғарғы қабаттағы бөлменің жанып жатқаны анықталған. 195 шаршы аумақты шарпыған жалын 11:23-те ауыздықталып, 12:12-де сөндірілген.

Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр. Оны сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД жеке құрамының 27 қызметкері мен 6 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар