Жезқазғанда 40-тан астам көпбалалы отбасы баспаналы болды

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазған қаласында «Қазақмыс» тобы кәсіпорын қызметкерлеріне салтанатты түрде пәтер кілтін табыс етті. Көпбалалы қызметкерлерге баспана беру бағдарламасы «Қазақмыс Холдинг» ЖШС, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қарағанды облысының әкімдігі арасында жасалған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту туралы үшжақты меморандум аясында жүзеге асуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақмыс» компаниясы көпбалалы отбасыларға пәтер сыйлады. 2019 жылы корпорация басшылығы төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған қызметкерлердің отбасына 10 пәтер бөлген еді.

Сол жылы 102 отбасы жаңа 4 және 5 бөлмелі пәтерлерді, сондай-ақ бір жеке үйді алды. 2020 жылы «Қазақмыс» компаниясы жұмысшыларынан 133 отбасы қоныс тойын тойлайды.

«Біз қызметкерлерімізді қиындықта қалдырмау және жан-жақты қолдау көрсетуді алдымызға міндет етіп қойдық», - деп атап өтті «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС дамыту жөніндегі директоры Бақтияр Қырықпышев.

Бақытты қоныс иелерінің арасында Сыздықовтар отбасы бар. Отағасы Қуаныш Сыздықов «Қазақмыста» 26 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ерлі-зайыптылар бес бала тәрбиелеп отыр.

«Бұған дейін ата-анаммен бірге тұрдық, дегенмен екі отбасына бір үй таршылық етеді. Қазір бізде бүкіл ыңғайлы жағдай жасалған 4 бөлмелі пәтер бар. Жөндеп, жиһаз және жабдықтарымен қосып берді. Осындай жомарт сыйлық үшін көп рахмет» - дейді Қуаныш Сыздықов.


Соңғы жаңалықтар