+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Жезқазғанда 20 жас дәрігер пәтер алды

2021 жылғы 21 маусым 22:38
Бөлісіңіз:
Жезқазғанда 20 жас дәрігер пәтер алды

ЖЕЗҚАЗҒАН. КазАқпарат – Қарағанды облысының Жезқазған қаласында денсаулық сақтау саласының 20 жас қызметкеріне пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әлеуметтік аз қамтылған борышкерлер жалғыз баспанасынан шығарылмайтын болды Тұрғын үй бағасы жыл сайын 10-15% өсіп отырады – Талғат Ерғалиев Келесі жылы баспана бағасы қымбаттай ма

Қала әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова кілттерді табыстау кезінде дәрігердің жұмысы – әлемдігі ең маңызды екенін атап өтті. Ол ақ халаттыларға мықты денсаулық, істеріне табыс және отбасыларына амандық тіледі.

«Сенім» кәсіподақ ұйымы мерекелік құттықтау эстафетасына қосылып, жаңа қоныстанушыларға қысқатолқынды пештер сыйлады.

Бұдан бөлек, Жезқазған қаласының медицина қызметкерлері «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Алтын дәрігер», «Кәсіби жетістіктері үшін» және «Мейірім» төсбелгілерімен марапатталды. Өз жұмысына адал ниетпен қараған қызметкерлерге ҚР Денсаулық сақтау министрінің, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Қарағанды облысы және Жезқазған қаласы әкімдерінің, «Қазақмыс» корпорациясы« ЖШС жанындағы Nur Otan партиясы филиалының Құрмет грамоталары табыс етілді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының 10 өкілі Жезқазған әкімінің 100 мың теңге көлеміндегі сыйлығына ие болды.

Айта кетейік, медицина мамандарына баспана «Қазақмыс« корпорациясының демеушілік көмегімен алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT