12:02 Kazakhmys Energy компаниясына 27 млн теңге айыппұл салынды АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы мен Бас прокурор тапсырмасы аясында Ұлытау облысының прокуратурасы құрамына Жезқазған және Балқаш ЖЭО кіретін «Kazakhmys Energy» ЖШС жұмысына тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.
15.05.2023 19:55 Қазақмыстықтар Балқаш пен Жезқазғанда 2 мың ағаш пен көшет отырғызды АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қызметкерлері Балқаш пен Жезқазғанда екі мың үйеңкі мен қарағаш отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.04.2023 07:52 Ұлытау облысында бір ауылдың тұрғындары түгел ішімдіктен бас бартты ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы Сәкен Сейфуллин ауылының тұрғындары алкогольді сусындардан бас тартқан. «Ащы судан» арылғалы ауылда бір де бір рет қылмыс пен тәртіп бұзу фактілері тіркелмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.04.2023 15:23 Жезқазған тұрғындарын ай сайын 2,2 млн теңгеге қанап келген қант делдалы анықталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласындағы супермаркеттер желісіне «Төлеуов» ЖК өндіретін қантты жеткізуде басы артық делдалдар анықталды, деп хабарлайды ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті.
31.03.2023 14:57 Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы болып Раушан Қапарова сайланды ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазған қалалық мәслихаты VIIІ шақырылымының І кезектен тыс сессиясында жаңадан сайланған депутаттар таныстырылып, оларға төсбелгі табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.03.2023 20:38 Ұлытау облыстық мәслихатының төрағалығына Бауыржан Шыңғысов сайланды ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Жезқазғанда VIII шақырылған депутаттар Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасын сайлады. Екі үміркердің арасынан Бауыржан Шыңғысов көпшілік дауысты жинап, төраға болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25.03.2023 00:56 Бір мандатты округтер бойынша Ұлытау облыстық мәслихатына кімдер сайланды ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Аумақтық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша Ұлытау облыстық мәслихатына өту үшін қай кандидаттардың басым дауыс жинағанын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
25.03.2023 00:17 Ұлытау облысында мәслихат сайлауына қатысқан партиялар қанша дауыс жинады ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Ұлытау облысы бойынша мәслихат сайлауының қорытындысы шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
23.03.2023 03:10 Ұлытауда ең үздік киіз үйді полицейлер тікті ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Ұлытау облысының полиция департаменті «Үздік киіз үй» сайысында бас жүлдеге ие болды. Жалпы облыс орталығында 60-қа жуық киіз үй тігілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.01.2023 20:24 Жезқазған-Ұлытау тасжолында тұрып қалған автобустан 23 адам эвакуацияланды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін 23 жолаушысы бар автобус Жезқазған-Ұлытау тасжолында тұрып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
07.12.2022 01:01 Жезқазғанға бара жатқан жүкті келіншек пойызда босанып қалды АСТАНА. ҚазАқпарат – 5 желтоқсанда «Астана-Жезқазған» бағытындағы №66 жолаушылар пойызының бригада қызметкерлері жүкті келіншекті пойызда босандырып алды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.11.2022 11:01 Жезқазғанда істен шыққан екі қазандықтың бірі іске қосылды ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласының басшылығы істен шыққан екі қазандықтың біреуі түнде іске қосылғанын хабарлады. Қазіргі таңда жылу-электр орталығында 4 қазандық пен 3 турбоагрегат жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.11.2022 20:14 Қызылорда мен Жезқазғанды жалғайтын жол қайта жөнделіп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – 218 шақырымды құрайтын «Қызылорда-Жезқазған» тасжолында жөндеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.11.2022 12:56 Жезқазған халқын ауыз сумен қамту Үкіметтің ерекше бақылауында АСТАНА. ҚазАқпарат – Жезқазған қаласы халқын сапалы ауыз сумен қамту мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында тұр. Бұл жайында Мәжіліс депутатының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.09.2022 23:32 Жезқазғандықтар қала күнін атап өтуде ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазғандықтар бүгін қала күнін атап өтіп жатыр. Мереке бірнеше күнге созылады. Мысты қалада спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.08.2022 17:28 Адасып қалған сәбиді әпкесі келгенше уатқан арнайы жасақ жауынгері желідегі жұртты сүйсіндірді ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазғанда арнайы жасақ жауынгері адасып қалған баланы тербете көтеріп тұрған қысқа бейнероликтен кейін жергілікті «жұлдызға» айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.08.2022 21:40 Tartyl Fest: жезқазғандық жеңімпаздар анықталды ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Бүгін турникке тартылудан Tartyl Fest республикалық фестивалі Жезқазғанда өтіп, мықтылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.08.2022 18:19 Жезқазғанда скутер тізгіндеген ер адам автобустың астына түсіп көз жұмды ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Жезқазғанда скутер тепкен ер адам жолаушы автобусымен соқтығысып, көлік дөңгелегінің астында қалып қойған. Ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.07.2022 23:48 Жезқазғанда жалғыз ветеринария зертханасы жабылып, орнына дәмхана ашылған ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – «Өңірде мал ауруларын анықтайтын мекеменің жоқтығы - облыстағы ірі қараның қырылуы бірден бір себеп» дейді жергілікті қоғам белсенділері. Ол аздай ғимаратта қоғамдық тамақтану орнының ашылуы елге қауіп төндіретініне иелері мән бермей отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.07.2022 11:29 Нұр-Сұлтан мен Жезқазған арасындағы әуе рейстерінің саны екі есе артады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлытау облысының азаматтары мен әкімдігінен келіп түскен көптеген өтініштерге, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Ұлытау облысының әуе қатынасын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Авиация комитеті әуе рейстерінің санын арттырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.