Жезқазған зауытында жұмысшы қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жезқазған мыс қорыту зауыты күкірт-қышқыл цехының жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақмыс» корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«2018 жылдың 1 шілдесі күні «Kazakhmys Smelting» ЖШС-на қарасты Жезқазған мыс қорыту зауыты күкірт-қышқыл цехының маңайында қайғылы оқиға тіркелді. Шаң, газ тазарту құрылғыларының операторы желдеткішті тазалау барысында қатты жарақат алып, бірден жан тапсырған», делінген хабарламада.

Қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Оқиғаның мән-жайын тергеу үшін арнайы комиссия жасақталды.

«Kazakhmys Smelting» ЖШС басшылығы мен қызметкерлері қаза тапқан жұмысшының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. 

Соңғы жаңалықтар