Жезқазған-Ұлытау тасжолында тұрып қалған автобустан 23 адам эвакуацияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін 23 жолаушысы бар автобус Жезқазған-Ұлытау тасжолында тұрып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жезқазған қаласынан шыққан қоғамдық көлік күн райының қолайсыздығына және көлік құралының техникалық ақауына (әйнек тазалағыштары сынған) байланысты межелі жерге жете алмады.

Ұлытау облысы ТЖД және ПД қызметкерлері барлық жолаушыларды Ұлытау ауылына жеткізді. Адамдарды эвакуациялау үшін Ұлытау ауданы әкімдігінен 1 техника (вахтовка) берілді. Зардап шеккендер жоқ, эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болмады.


Соңғы жаңалықтар