Жезқазған тұрғындарын ай сайын 2,2 млн теңгеге қанап келген қант делдалы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласындағы супермаркеттер желісіне «Төлеуов» ЖК өндіретін қантты жеткізуде басы артық делдалдар анықталды, деп хабарлайды ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті.

Кәсіпкер қанттың 1 келісін 438 теңгеден жеткізіп, ай сайынғы сату көлемі 65 тоннаны құрайтыны анықталды. Аталған жеке кәсіпкермен комиссия жұмысының нәтижесінде көрсетілген супермаркеттер желісіне қантты делдалсыз тікелей жеткізу туралы келісім жасалып, қанттың өзіндік құны 8% арзандап, 403 теңгені құрады.

Осылайша, Жезқазған тұрғындары ай сайын 2,2 миллион теңгені үнемдейтін болады.

Сонымен қатар, облыста «Амина» ЖК тауық етін 15 пайыздан астам тауарлық үстемемен сату фактісі анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, баға 10%-ға, 1 кг үшін 1220 теңгеден 1098 теңгеге дейін төмендетілді.


Соңғы жаңалықтар