Жезқазған-Сәтбаев жолының бойындағы көлік апатынан үш адам қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазған-Сәтбаев жолының бойында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бастапқы мәлімет бойынша, 47 жастағы «Форд» автомобилінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Оған «Ауди С4» көлігі келіп соғылған. Оқыс оқиға салдарынан екі жолаушы және «Форд» жүргізушісі қаза тапты. «Ауди» жүргізушісі жарақат алып, аурухағана жеткізілді. 

«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстьық кодексінің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», - деп мәлім етті Қарағанды облыстыөқ ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Соңғы жаңалықтар