«Жезқазған-Петропавл» жолында жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы «Жезқазған-Петропавл» автожолында бір күнде екі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Біреуінде жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғаларының бейнежазбасы әлеуметтік желіде жергілікті пабликтерде тарады.

Қызылжар аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, 29 шілде күні сағат 12.00 шамасында «Жезқазған-Петропавл» автожолының Бескөл ауылы маңында жол-көлік оқиғасы тіркелді. «Nissan Cefiro» көлігінің жүргізушісі, Бескөл ауылының 1996 жылы туған тұрғыны алдындағы көлікті басып озбақ болған. Алайда қауіпсіздікке көз жеткізбей маневр жасап, «ГАЗель» көлігімен соқтығысты. Жүк көлігін Петропавлдың 45 жастағы тұрғыны басқарған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі көліктің де жолаушылары жарақат алды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта процессуалды шешім шығару үшін материал жиналып жатыр.

Ал екінші оқыс оқиғада жеңіл көлік пен жедел-жәрдем машинасы соқтығысты.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 14.00-де Бескөл ауылының маңында «Chrysler» автокөлігі мен жедел жәрдем қызметінің «ГАЗель» машинасы соқтығысқан. Жеңіл көлікті 27 жастағы Бескөл ауылының тұрғыны басқарған. Жедел жәрдем көлігінің рөлінде Сергеевка қаласының 55 жастағы тұрғыны болған. Ол Шал ақын ауданынан сырқат әйелді облыстық ауруханаға апара жатқан.

Соққының салдарынан арнайы көлік аударылып қалды. Екінші машина да қатты зақымданды. Адамдар болмашы жарақат алды. Сырқат әйел басқа көлікпен облыстық ауруханаға жетізілді.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар