«Жезқазған-Петропавл» трассасында екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жол талғамайтын көлік пен жеңіл көлік соқтығысты, жүргізушілері дін аман, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде Бескөл ауылының маңында болған жол-көлік оқиғасының видеосы тарады.

Автокөліктер жанар-жағармай стансасының жанында соқтығысып, салдарынан «ВАЗ» көлігі аударылған.

Оқиғаға қатысты СҚО Полиция департаменті патрульді полиция батальоны түсінік берді. Бүгін сағат 12.15 шамасында «Жезқазған-Петропавл» жолының 953-шақырымында «Toyota Prado» және «ВАЗ-2114» автокөліктері соқтығысқан. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Екі жүргізуші де алкогольдік ішімдік ішпеген.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысты материал жинап жатыр. Кейін іс Қызылжар аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына процессуалдық шешім шығару үшін беріледі.


Соңғы жаңалықтар