Жезқазған - Петропавл тасжолында жүк көлігі мен трактор соқтығысып, бір адам көз жұмды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – «Жезқазған - Петропавл» тасжолында «КамАЗ» бен МТЗ тракторы соқтығысып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Қарлыға ауылына жақын маңда, «Жезқазған - Петропавл» тасжолында 1963 жылы туған «Камаз» маркалы көлік жүргізушісі алда келе жатқан МТЗ тракторының тиелген тіркемесімен соқтығысты. Тракторды Есіл ауданының 1978 жылы туған тұрғыны айдап келе жатқан», - делінген департаменттің хабарламасында.

Жол апатынан «КамАЗ» жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырған.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар