Жезқазған өңірінде бұрын белгісіз болып келген петроглифтер табылды

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазған өңірінде екі күндік «Білеуті-2021» тарихи-танымдық экспедициясы аяқталды. Оның мақсаты – белгілі бір аймақты зерттеу және жаңа туристік маршрут құру болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экспедицияға қатысушылар бұрын зерттелмеген петроглифтер мен таудағы жұмбақ әріптерді, көп камералы үңгір мен жезтырнақ тастарын, жартастағы дөңгелек ойықтарды – ежелгі металлургтердің әзірлемелерінің іздерін тапты.

Жаңа тарихи олжалар еш жерде сипатталмаған, оларға қазақстандық көрнекті ғалымдар қызығушылық танытып үлгерді.

«Бізде көптеген қызықты және зерттелмеген орындар бар. Сондықтан біз Жезқазған археологиялық мұражайымен бірлесіп, Білеуті өзені мен атақты Бұланды шайқасы болған жер арасындағы аумаққа шағын экспедиция ұйымдастыруды ұйғардық. Оның құрамына археологтар, тарихшылар, жолсеріктер, туризм мамандары және т. б. кірді», – деді экспедиция жетекшісі, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының ғылыми қызметкері Кешубай Байділдинов.

Білеуті өзенінің маңынан саяхатшылар тау суреттері бар жартастар мен тастарды тапқан. Олар қара тастарға соғылған және жақсы сақталған. Петроглифтердің басқа галереясын ынтагерлер Ақкиік деген жерден сұр-көк тастардан тапты. Сондай-ақ экспедиция мұшелері Малқар үңгіріне барды.

«Бір қызығы, кіреберісте түйелердің басына ұқсайтын екі тік тас табылды, олардың мақсаты белгісіз. Үңгірдің өзі биік аркалармен, күрделі өткелдермен қызықты, олардың кейбіреулерін тас басып, үйіп тасаған. Сондай-ақ, екі жерден петроглифтер табылды. Экспедициядан кейін мұражайда дөңгелек үстел өткіздік.

Мамандар бұл жер әлі зерттелмегенін айтты. Келесі жылы біз зерттеуді жалғастырамыз», – дейді экспедиция жетекшісі.

Алдағы жылы экспедиция қатысушыларына Қазақстанның басқа мұражайларынан

тарихшылар мен археологтар қосылуға дайын.


Соңғы жаңалықтар