Жезқазған маңында жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жезқазған маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың мәлімдеуінше, жер сілкінісі 21 маусым күні Астана уақытымен 02:18-де, Орталық Қазақстанда, Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 24 шақырымда тіркелген. 

Магнитудасы - 3.9. Энергетикалық санаты - 9.6. Тереңдігі - 0-1 км. 

Соңғы жаңалықтар