Жезқазған маңында мейрамхана вагоны өртенді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазған маңында теміржол өткелінде мейрамхана вагонынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

23 мамырда 15.53-те Жезқазғаннан 48 шақырым қашықтықта теміржол өткелінде тұрмыстық мақсатта қолданылған 42 шаршы метр мейрамхана-вагоны отқа оранды.

Өрт 17.13-те ауыздықталып, 17.53-те сөндірілді. Ешкім зардап шекпеген. Бұл жағдай басқа пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмеген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖД-ның 7 қызметкері 2 техника жіберілді. 

Фото: fishki.net

Соңғы жаңалықтар