Жезқазған кен байыту фабрикасында төбе құлап басып қалған жұмысшы ауруханада қайтыс болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бір аптадан бері ауруханада жатқан Жезқазған кен байыту фабрикасының жұмысшысы қайтыс болды. Дәрігерлер оның өміріне араша бола алмады. Бұл туралы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Жазатайым оқиға Жезқазған кен байыту фабрикаларының бірінде 3 сәуірде болған.

Фабрикада гидроциклондарға қызмет көрсетуге арналған үстіңгі алаң опырылып құлаған. Сол жерден қауіпсіз орынға кетіп үлгермеген 28 жастағы жұмысшы ауыр жарақат алды.

Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін оны жедел жәрдем қызметі Жезқазған қаласының медициналық орталығына жеткізді.

Бір апта бойы оның өмірін арашалуға жанталасқан дәрігерлер оның бүгін көз жұмғанын хабарлады.

Жазатайым оқиға себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған еңбеккердің туған-туыстарына көңіл айтады.  

Соңғы жаңалықтар