Жезқазған қаласының әкімі қызметінен босатылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов өз еркімен жұмыстан кету туралы түсірген өтінішіне байланысты қызметінен кетті. Оның уақытша міндетін атқару әкім орынбасары Амангелді Мұхамбединге жүктелді», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Батырлан Дүйсенбайұлы 1969 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтын және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Біліктілігі бойынша тау-кен инженер-байытушы, экономист және заңгер.

Еңбек жолын 1989 жылы «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің диірмен машинисінен бастаған. 1992 жыл мен  2012 жылдар аралығында  әр түрлі мамандықта салық органдарында соның ішінде Жезқазған және Сәтбаев қалаларының салық басқармасында басшы қызметін атқарды.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2012 жылдың ақпан айы мен 2013 жылдың наурыз айы аралығында Сәтбаев қаласының әкімі болды.

2013 жылдың наурыз айынан тағайындаған мерзімге дейін Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарды.

Соңғы жаңалықтар