Жезқазған қаласының әкімі ауысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімі болып бұған дейін қала әкімінің орынбасары болған 45 жастағы Батырлан Ахметов тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«7 тамызда облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Жезқазған қаласының активін өткізді, онда кадрлық өзгерістер туралы айтты. Серік Шайдаровтың басқа қызметке ауысуына байланысты ол Жезқазған қаласының әкімі лауазымынан босатылды. ҚР Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен осы лауазымға Батырлан Дүйсенбайұлы Ахметовті тағайындау туралы облыс әкімінің өкімі шықты», - делінген хабарламада.

Облыс әкімі Жезқазғанның жаңа басшысының алдына бірқатар міндеттер қойды.

Б. Ахметов 1969 жылы туылған. Үш жоғары білімі бар. Қарағанды политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институтын және Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, кен байыту инженері, экономист, заңгер мамандықтарын меңгерген.

Соңғы жаңалықтар