Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
2022 жылғы 28 маусым 16:56

Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Мысты қаланы Қайрат Шайжанов басқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлытау облысы әкімінің өкімімен, ҚР Президент әкімшілігінің және Жезқазған қалалық мәслиихатының келісімімен Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Қайрат Абдоллаұлы 44 жаста. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазақ тұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары бизнес саласында, түрлі мемлекеттік қызметте еңбек еткен.

2009-2013 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары, 2015-2018 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі қызметін атқарған.

2019 жылдан бастап осы күнге дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ активтерді басқару департаменті директоры лауазымында еңбек етті.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT