Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы болып Раушан Қапарова сайланды

None
Фото: Жезқазған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазған қалалық мәслихаты VIIІ шақырылымының І кезектен тыс сессиясында жаңадан сайланған депутаттар таныстырылып, оларға төсбелгі табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жезқазған қалалық мәслихатына 13 сайлау округі бойынша 13 депутат сайланып, мандат алды. Жаңадан сайланған депутаттар:

1. Есен Үсен Бекболатұлы

2. Мусилов Мейрам Муханбедиевич

3. Капарова Раушан Онгонисовна

4. Рахай Нұрдәулет Құрманқұлұлы

5. Умирбеков Ринат Кайратович

6. Шаяхметов Мурагер Ерланович

7. Рустемов Амир Альмуханович

8. Нурмаганбетов Едиге Тулегенович

9. Рымбаева Роза Жиханкеровна

10. Есжанова Мейрамкуль Токсеитовна

11. Шлехт Александр Владимирович

12. Ибадатова Турсынай Шахмуратовна

13. Альсеитов Ануарбек Муратович.

Сессияға қала әкімінің міндетін атқарушы Ербол Құсайынов та қатысып, депутаттар жұмысына сәттілік тіледі және ел үмітін ақтап, халыққа қызмет ете берулеріне тілектестік білдірді.


Жиын барысындағы екінші мәселе – мәслихат төрағасын сайлау. Бұл лауазымға Раушан Қапарова ұсынылды. Дауыс беру нәтижесінде залда отырған 12 депутаттың 11-і ұсынылған үміткерді қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде, Раушан Қапарова Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды.


Соңғы жаңалықтар