USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне өзгеріс енгізілмейді - министрлік

2021 жылғы 8 желтоқсан 10:50
Бөлісіңіз:
Жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне өзгеріс енгізілмейді - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 7 желтоқсанда таратылған баспасөз хабарламасында зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін белгілеу мәселесінде ведомствоның құзыретіне қатысты бұрыс тұжырымға жол берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы баспасөз релизін министрліктің ресми сайтында, аккаунттарында және әлеуметтік медиада орналастырған қызметкерге тиісті тәртіптік жазалау шаралары қолданылды», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәлімдеуінше, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми ұстанымы өзгеріссіз қалады. Айта кетерлігі, министрлік зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірлеуші.

«8 желтоқсандағы жағдай бойынша әдістемеге өзгерістер енгізілген жоқ және жоспарланбаған, өйткені оның ағымдағы нұсқасы қазақстандықтарға болашақ зейнетақы төлемдерін қолайлы деңгейде қамтамасыз етудің қажетті өлшемдеріне толық сәйкес келеді.

Әдістемеге сәйкес жеткіліктілік шегін есептеудің негізгі параметрлерінің бірі күнтізбелік жылдың басындағы ең төменгі жалақы болып табылады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап оның өзгеруі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеткіліктілік шегі автоматты түрде қайта есептеуге әкелді», делінген хабарламада.

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін министрлік 2020 жылы әзірлеп, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 қаулысымен бекіткен.

Ведомствоның мәлімдеуінше, әдістемені бекіту туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде көзделген барлық қажетті рәсімдерден өтті:

- әдістемеге енгізілген параметрлерді әзірлеу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, жұмыс топтарының бірнеше отырысы өткізілді;

- 2020 жылғы 29 қарашада Ашық НҚА порталында жария талқылау өтті;

- 2020 жылғы 4 желтоқсанда ол Еңбекминінің интернет-ресурсында орналастырылды, онда 10 күн ішінде оған пікірлер мен ұсыныстар жиналды;

- барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісуден өткізілді.

Әдістеме келесі көрсеткіштерді қамтиды:

- БЖЗҚ табыстылығының жылдық пайыздық мөлшерлемесі;

- БЖЗҚ-жан төленетін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі;

- ең төменгі зейнетақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі;

- жыл сайынғы индекстеумен жалақының ең төменгі мөлшері;

- ең төменгі мөлшердегі базалық зейнетақыны есептеу үшін индекстеуді ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері;

- міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі;

- зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және шекті жасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT