Жетісулықтар мешітке ақысыз қызмет етіп жүрген жанға көлік мінгізді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қасиетті Ораза айт мерекесінде Жетісу жұртшылығы Талдықорғанда мешітті ақысыз- пұлсыз тазалап, 30 күн оразада ас дайындап, мешітте оқып жатқан 50-ден аса құран жаттаушы қариларға 3 уақыт ас әзірлейтін анаға көлік мінгізді. 

Темір тұлпар Қадір түнінде садақа ретінде жиналған қаржыға сатып алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құны 700 мың теңге тұратын  көліктің кілті  Земфира Нұралбековаға көпшілік алдында табыс етілді. Аумағы 4 жарым мың шаршы метрлік мешіт  ғимаратын біраз уақыттан бері ақысыз-пұлсыз  тазалап, оған қоса  осы рамазан айында аспаздың қызметін атқарып, тарауық оқыған қарилар мен мешітте жатып білім алатын шәкірттердің ас-суын қамдап, сауабын алған жанға көлік мінгізу туралы идеяны жас қарилар көтеріпті. Қадір түнінде өздерінің қызметіне деп жұрт жинайтын садақаны түгелімен береміз деп уағдаласқан. Олардың бастамасын имамдар қолдаған. Мешіттің тұрақты жамағаты да сауапты іске ортақтасып, қолдарынан келгенінше жәрдемдескен.

null

 Халықтың разылығына бөленген Земфира Нұралбекованың отбасы Талдықорғанның шетіндегі ауылда тұрады екен. Отағасы екеуі 3 бала тәрбиелеп отырған ана енді қоғамдық көлікпен емес, өзінің жеке көлігімен мешітке қатынайтын болады. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар