Жетісулықтар Алматыдағы жәрмеңкеге 115,1 млн. теңгенің өнімдерін әкелді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласындағы «Астана» алаңында Алматы облысындағы 16 аудан мен 3 қала өнім шығарушыларының дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

«Елбасының тапсырмаларын іске асыру және Алматы айналасында азық-түлік белдеуін дамыту аясында қалада кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Біз тұрғындарға экологиялық таза және сапалы өнімді әкелдік. Бүгінгі жәрмеңкеде көлемі 243,1 мың тоннаны құрайтын 38 тауар түрі ұсынылды, оның жалпы сомасы - 115,1 млн. теңге. Жәрмеңкедегі өнім бағалары базармен салыстырғанда орташа алғанда 15-20 пайызға төмен», - деп атап өтті аймақ басшысы А.Баталов.

Бүгінгі жәрмеңкеде сатылған өнімдердің арасында 63 тонна ет (соның ішінде 3,5 тонна құс еті, 11,9 тонна балық), 14,9 тонна сүт өнімі, 18 мыңнан астам жұмыртқа, 42,4 тонна картоп, 53 тонна көкөніс, 9,5 тонна жеміс-жидек, 60,2 тонна басқа өнімдер болды.

Жәрмеңкелік марафон Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның әртістері мен шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен қатар жүрді.

Соңғы жаңалықтар