Жетісулық полицейлер мереке қарсаңында ант қабылдады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Полиция департаментінде «1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орайластырылған жиын өтті. Салтанатты шарада қызметінде үздік нәтиже көрсеткен тәртіп сақшылары ҚР Ішкі істер министрлігінің және Департамент басшылығының дипломдарымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Сондай-ақ, жиында қызметке жаңадан келген жас полицейлер адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етті. Іс-шараға қонақ ретінде шақырылған ішкі істер органдарының ардагерлері жас полицейлерге қызметіне адал болу үшін ізгі ниеттерін білдіріп, баталарын берді.null 

Сонымен қатар, осы мерекеге байланысты бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Полиция департаментінің жеке құрамы «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевпен кездесті. Партия өкілі Елбасымыздың өмірі мен оның тұлға болып қалыптасуы, саралы саясаты туралы баяндама жасады. Кездесуде Тұңғыш Президенттің өмір жолы туралы фильм көрсетілді.

Мереке қарсаңында тәртіп сақшылары балаларға арнап «Ашық есік күнін» өткізді. Мектеп оқушылары полицейлердің қызметінің қыр-сырымен танысып, олардың көлік түрлерін, қызметтік иттерін көрді. Департаменттегі мұражайды аралаған оқушылар таңданысын жасырмады. Кейбірі болашақта полицей болып, елге қызмет етуді армандайтынын айтты.null null null 

Талдықорған қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде Полиция департаментінің бастамасы мен Алматы облысындағы күштік құрылымдар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Доп додасына Төтенше жағдайлар департментінің, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Арнайы күзет қызметі басқармасының, Алматы облысы ҰҚКД, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы және Полиция департаментінің командалары қатысты.

Тартысты өткен жарыста Алматы облысы Полиция департаментінің командасы 1-орынды, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық департаментінің командасы 2-орынды иеленсе, Алматы облысы Арнайы күзет қызметі басқармасының волейболшылары үштікті түйіндеді.null

Өз кезегінде, Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығы барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық тіледі.

null

Соңғы жаңалықтар