Жетісулық полицейлер әуе апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсыруда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Алматы облысында болған әуе апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін полицейлер қан тапсыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарасай ауданы полиция басқармасының жеке құрамы алғашқылардың бірі болып қол ұшын созды. Тәртіп сақшылары жарақат алған адамдарға шұғыл түрде қан қажет екенін ескеріп, немқұрайлылық танытпай, бірден зардап шеккендерге көмектесуге ниет білдірді.

«Қажетті қанды тапсыру облыстық қан орталығының Қаскелең филиалында

ұйымдастырылды. Тиісті процедуралардан кейін полицейлерден қан қабылдады. Тәртіп сақшылары кез келген жағдайда көмекке келуге дайын. Ең алдымен, бұл - біздің қызметтік ғана емес, сонымен қатар азаматтық борышымыз», - деп атап өтті Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы маңында ұшақ апатқа ұшырады. Апаттан 14 адам оқиға орнында, бір адам ауруханада көз жұмды. Аталған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Бортта 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Соңғы жаңалықтар