Жетісулық мәдениет саласының өкілдері көпбалалы отбасыларға баспана сыйлады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының мәдениет саласының қызметкерлері, журналистер, ақын-жазушылар, асабалар қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, облыстағы көпбалалы аналарға баспана сыйлады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қайырымдылық шара Талдықорғандағы Б.Римова атындағы драма театрында мәдениет маусымының ашылу салтанаты аясында атқарылды. Шара барысында Кербұлақ, Қаратал, Ақсу аудандары мен Текелі қаласында тұратын 4 көпбалалы отбасыға өздері тұратын өңірден баспана сыйға тартылды.

Кербұлақ ауданының тұрғыны 5 баланың анасы Жұлдыз Сұлтанбаеваға Қазақстанның Халық әртісі Алмахан Кенжебекова мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаев, Қаратал ауданынан келген 4 баланың анасы Айнұр Исаеваға «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін мен жас жазушы Есболат Айдабосын, Ақсу ауданынан келген көпбалалы ана Толқын Жатқанбаеваға асабалар Ердәулет Кенжеқұлов және Қайрат Қазкенұлы, Текелі қаласынан келген 6 баланың анасы Мақай Қалиманға «Талдықорған» газетінің бас редакторы Данияр Сейсенбаев пен «Жетісу шұғыласы» газетінің бас редакторы Жанахмет Исабеков пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Сондай-ақ қоныстой иелеріне облыс әкімінің сыйлықтары да тарту етілді.

Соңғы жаңалықтар